Бейжің-2022: Әділ Ғалиахметов мәре сызығын сегізінші болып қиды

Сурет: ҚР ҰОК/Владислав Семенов
Бейжіңде 1500 метр қашықтықта шорт-тректен олимпиадалық жарыс өз мәресіне жетті. Қазақстандық Әділ Ғалиахметов көшбасшылар қатарынан көріне алмады, деп хабарлайды Zakon.kz

Жартылай финалдағы жағдайға байланысты басты финалда жеті адамның орнына бірден 10 адам өнер көрсетті. Олардың арасында қазақстандық Әділ Ғалиахметов та болды.

Бағын сынаушылардың әрқайсысы да медальдан нақты үміткер, сондай-ақ мұнша спортшы қатар жүгіргенде әрқалай күтпеген жағдай орын алуы ықтимал.

Мұз айдынына аяқ басар алдында Ғалиахметов дұға оқыды, жымиып, өз-өзіне сенімді көрінді.

Жарыста әр спортшы өзіне тиімді позиция орынды алу үшін арлы-берлі қозғалыста болды. Мәреге тоғыз айналым қалғанда барлығы алға ұмсынды, Әділ де суырылып, алға шықты. Кейін ортаға қарай ығысты.

Өкінішке қарай, мәреге жақындағанда қазақстандық көшбасшылар тобының қатарына жете алмады, сөйтіп ол мәре сызығын сегізінші болып қиды.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды