Нұрәлі Әліп «Зенит» үшін тағы бір әдемі гол соқты

Сурет: Instagra,/zenit_spb
Санкт-Петербургтің "Зенит" командасының жаңа ойыншысы, қазақстандық Нұрәлі Әліп даниялық "Брондбюге" қарсы матчта соғылған тамаша доптың тағы да авторы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ресейлік клуб жолдастық матчта даниялық "Брондбюден" жеңісті жұлып алды.

Кездесу Португалияның "Алгарве" стадионында өтті, есеп – 2:1.

Ойынның 53-ші минутында "Брондбю" шабуылшысы Марко Дивкович гол соқты. 20 минуттан кейін "Зениттің" құрамындағы "Қайраттың" қорғаушысы Нұрәлі Әліп әдемі гол соғып, есепті теңестірді. Бірнеше минуттан кейін шабуылшы Артем Дзюба "Зенитке" жеңіс әкелді.

Ресей чемпионы құрамындағы Нұрәлі Әліптің бұл - екінші голы.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды