Түрікменстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

Сурет: Facebook/Хроника Туркменистана
12 наурызда Түрікменстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бір күн бұрын парламенттің жоғарғы палатасы Халық мәслихатындағы (Халық Кеңесінің) кезектен тыс отырысында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов билікті "жас басшыларға" беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости түркімен ОСК төрағасының көмекшісі Безирген Караевқа сілтеме жасай отырып, хабарлайды.

Түрікменстан Президентінің тапсырмаларына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы 12 наурызда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға дайындықты бастады. Түрікмен ОСК басшысының көмекшісі

Түрікмен БАҚ-тарының хабарлауынша, "осыған байланысты сайлау мен референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасына Түрікменстанның Конституциясы мен заңнамасына сәйкес тиісті жұмысты бастау тапсырылды".

Түрікменстан Президентін тікелей Түрікменстан халқы жеті жыл мерзімге сайлайды және ол ант берген сәттен бастап өз қызметіне кіріседі. Соңғы рет Түрікменстан президентінің сайлауы 2017 жылы өтті. Заң бойынша келесі сайлау 2024 жылы өтуі керек еді.

Гурбангулы Бердімұхамедов 15 жыл президент болып келеді.

Түрікменстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды