Абзал Әжіғалиев Бейжің олимпиадасында төртінші орынға ие болды

Сурет: ҚР ҰОК
Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрге жүгіруден ерлер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ұлттық олимпиада комиеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, финалдық сында қазақстандық Абзал Әжіғалиев та өнер көрсеткен болатын. Ақтық бәсекеде Абзал мәре сызығын төртінші болып кесіп, жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады. 

Аталған қашықтықта алтын жүлдені Венгрия, күмісті Ресей, қоланы Канада спортшылары иеленген. 

Абзал Әжіғалиев қысқа қашықтықтарға жүгіруден әлем кубогінің жеңімпазы әрі бірнеше дүркін жүлдегері. Ол Сочи және Пхченчхан Олимпиадаларына қатысып, А финалына алғаш рет Бейжің ойындарында шыққан болатын. 

Әзірге, Абзал қазақстандық шорт-трекшілердің Олимпиададағы ең ірі жетістігін тіркеп отыр. Бұған дейн отандық шорт-трек шеберлері Олимпиадада төрттікке енген емес. 

Сондай-ақ, осыған дейін Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан финалда бақ сынап, сегізінші орын алған болатын. 

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды