Сыртқы қарыз 37,1 миллиард АҚШ долларына жетті

Сурет: Zakon.kz.
Барлық министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың басқа елдер алдында берешегі бар, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстан телеарнасының мәліметінше, Қазақстан Үкіметінің және квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 37,1 миллиард АҚШ долларына жетті.

Барлық министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың басқа елдер алдында берешегі бар. Қарыз көлемі Ұлттық қордағы активтердің 67 пайызына тең.

Бұл туралы Сенаттағы Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Серікбай Тұрымов мәлімдеді. Сенаторлардың айтуынша, қарызға алынған қаржыны пайдалану бойынша проблемалар бар.

Олар қарыздың көбеюіне әкеліп соғады. Несиені игеру бойынша да мәлімет аз және осы ақшаның көмегімен жүзеге асқан жобаларға бақылау нашар жүргізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды