Алматы облысында 18 адам донерден уланды

Сурет: pixabay
Алматы облысында адамдар донерден жаппай уланды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқиға 29 қаңтарда болған. Алматы облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің барлығы Бесағаш ауылындағы дәмханалардың бірінде донер жеген. Кешке қарай адамдар өзін нашар сезінген.

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 304-бабы, 1-бөлімі (Абайсызда адамдардың жаппай ауруға шалдығуына, жұқтыруына, зақымдануына немесе улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиена нормаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дәмхана жанындағы донер бекеті санитарлық-эпидемиологиялық салауат жағынан рұқсатсыз жұмыс істеген. Сонымен бірге донер сататын дәмханада санитарлық ережелер талаптарының басқа да бірқатар заңбұзушылықтары анықталды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды