Павлодарда жылу жүйесінің құдығынан ер адам табылды

Сурет: @otdel_soczashita_pvl
Оған дер кезінде қайта әлеуметтендіру орталығының мобильдік тобы көмекке келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Рavlodarnews.kz таратқан мәліметке сай, Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, орталықтардың директорларымен кеңес өткізілгеннен кейін мобильдік топ белсенді жұмысқа кіріскен.

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері өмірлік қиын жағдайға тап болған адам туралы хабарлады. Иса Байзақов көшесіндегі №145 үйдің сыртындағы жылу жүйесінің құдығынан 1954 жылы туған азамат Талап Ильясов Шаймерденович табылды. Ер адам өздігінен жүре алмайды және құдықтан шығуға шамасы келмеді, – дейді бөлімде.

Орталықта ер адамға қажетті әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы Павлодар қаласы, Космонавтар көшесі, 1/50 мекенжайында орналасқан.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды