Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары үйқамаққа ауыстырылды

Сурет: gov.kz
Маңғыстау облысында әкімнің орынбасары Ғалымжан Ниязов 24 наурызға дейін үйқамаққа ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы облыстық сотта сөз болды.

16 ақпанда тергеушінің өтініші бойынша Ғалымжан Ниязовтың "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы "үйқамаққа" өзгертілді. Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі

4 ақпанда Ниязовтың қамауға алынғаны туралы хабарланды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол ауыр зардаптарға әкеп соқтырған өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, сұйытылған мұнай газын жеткізуді Ғалымжан Ниязов қадағалаған.

1 қаңтарда Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасы литріне 60 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілді. Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары бағаны төмендетуді талап етіп көшеге шықты. Нәтижесінде үкіметтік комиссия белсенділермен кездесіп, газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендейтінін хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды