Қазақстанда жаңа мейрам пайда болды. Енді Ұлы көш күнін тойлаймыз

Сурет: Zakon.kz.
Қазақстанда тағы бір мереке күні пайда болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне қосымша дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz

Осылайша, Қазақстандағы мерекелер тізбесі 43-1-тармақпен толықтырылсын деп жоспарлануда:

Ұлы көш күні 18 қараша атап өтіледі.

Түсіндірілгендей, бұл толықтыру Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021жылы 16 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында берген тапсырмасы аясында жасалған.

Құжат жобасы 3 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды