Қазақстаннан картоп пен сәбізді алып шығуға шектеу алынып тасталды

Сурет: pixabay
2022 жылдың 22 ақпанынан бастап, Қазақстан Республикасының аумағынан картоп пен сәбізді алып шығуға шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған дейін, 2022 жылдың 22 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар сауда-саттық тауарларының бағасын ырықтандыру мақсатында сыртқа алып кетуге шектеу қойылған болатын. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

2022 жылғы 28 қаңтарда өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарда қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан картопты және сәбізді әкетуге қолданыстағы тыйым салуды алып тастау, 144,5 мың тонна көлемінде картопты және 57,5 мың тонна көлемінде тұқымдық картопты әкетуге а.ж. 1 мамырына дейінгі мерзімге сандық шектеуді бір мезгілде енгізу бойынша шешім қабылданды.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды