Елордада карантиндік шаралар туралы жаңа қаулыға қол қойылды

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, қала тұрғындары мен қонақтары Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарға кіру үшін Ashyq мобильді қосымшасын пайдалануы қажет. Бұдан басқа, қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық аспан астында болған кезде (бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылданған кезде) бетперде тағу, арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Қала тұрғындары арасында вакциналау және ревакциналау жүргізәлген-жүргізілбегендігі қатаң бақыланып, талаптар күшейтілетін болады.

Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды