Түркістан облысында 70-ке жуық мердігер құрылыс талаптарын сақтамаған

Сурет: Zakon.kz.
Түркістан облысында ағымдағы жылы 859 нысанның құрылысы жүргізілген. Заң талаптарын сақтамай салынған 212 ғимарат қайта тексеріліп оларға қатысты хаттама толтырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырар таратқан ақпаратқа сай, жалпы көлемі 76 млн теңге айыппұл салынды. Оның 81,6 пайызы өндіріліп 62 млн. теңге облыстық бюджетке кіріске алынды. Бұл жайында брифингте Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Сапарғали Салдаров мәлімдеді.

Сөзінше құрылыс талаптарын бұзғаны үшін 3 жобалаушы, 19 мердігер мекеме мен 2 тапсырыс берушіге заңға сәйкес шара қолданылған. Сонымен қатар, 26 техникалық қадағалаушы және 1 авторлық тұлғалардың аттестаттарының қолданысы 6 айға тоқтатылды.
Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды