Украинада төтенше жағдай режимі енгізіліп жатыр

Сурет: Facebook/Рада національної безпеки і оборони України
Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі (ҰҚК) Донецк және Луганск облыстарынан бөлек елдің бүкіл аумағында төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы шешімді Жоғарғы Рада 48 сағат ішінде бекітуі керек, - деді ҰҚҚК хатшысы Алексей Данилов ведомствоның Facebook-тегі парақшасында жүргізілген трансляция кезінде.

Донецк және Луганск облыстарына келетін болсақ, ол жақта біздің заңдарымызбен реттелетін жеке режим бар. Сондықтан төтенше жағдай енгізілмейді, өкінішке орай, ол жақта 2014 жылдан бері ол өз күшіне ие болып келеді. ҰҚҚК хатшысы Алексей Данилов

Қажет болған жағдайда төтенше жағдай режимін 60 күнге дейін тағы ұзартуға болады, қолданыстағы шаралар ел өңірлеріндегі жағдайға байланысты күшейтіледі немесе жұмсартылады, - дейді ол.

"Коменданттық сағат енгізіле ме" деген сұраққа Данилов орын алған жағдайға байланысты аймақтық штабтар мұндай шешім қабылдауы мүмкін екенін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды