Валюта айырбастау орындарында доллар бағамы 450 теңгеге дейін көтерілді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 450 теңгеге дейін көтерілді, KASE қор нарығындағы сауданың басталуы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Kurs.kz қызметінің 10:37-дегі мәліметі бойынша, ақша айырбастау орындарында долларды 443 теңгеден сатып алып, 450 теңгеден сатуда.

Осы арада KASE веб-сайтында қор нарығындағы сауда-саттықтың басталуы кейінге қалдырылғаны туралы хабарлама пайда болды.

Техникалық себептерге байланысты KASE қор нарығындағы сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де ашық болады. KASE

Сауда алаңының 09:21 (Нұр-Сұлтан уақыты) мәліметіне сәйкес, Лондонның ICE биржасында 2022 жылдың сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстік келісімшартының құны барреліне 3,3%-ға өсіп, 100,04 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды