Ресейлік туристер санкцияларға байланысты турларға тапсырыс беруді тоқтатты

Сурет: pixabay
Бұған дейін ЕО-ның көптеген елдері Украинадағы жағдайға байланысты ресейлік ұшақтар үшін әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген, деп хабарлайды Zakon.kz

Ресейлік туристер Батыс санкциялары аясында турларға тапсырыс беруді тоқтатты, бірақ туроператорлар Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы туризмнің дамуына үміт артып отыр, деп хабарлайды РИА Новости .

Египет пен Түркияға турларды брондау тоқтатылды, көпшілігі шектеу шараларынан және ұшудан қорқады. Егер адамдар турдан бас тартса, соманы рубльдегі ескі бағаммен қайтаратынын ескертеміз. Ал басқалары демалудың нақты мүмкіндігін әлі де күтіп жүр. Артур Мурадян, Space Travel туроператорының бас директоры

«Online Tur» туристік агенттіктерінің даму жөніндегі директоры Игорь Блиновтың айтуынша, қазір абсолютті тыныштық орнады, өйткені адамдар бәрін қайта ойластыруы керек. Сондай-ақ, қазір маусымаралық және мерекелерге арналған сатылымдар тоқтап тұр.

Адамдар ештеңе сатып алмайды. Туристер әлі де турларды брондайды деп үміттенеміз. Иә, батыс жабық, бірақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыс Азия елдері ашық қой. Игорь Блинов

Интурист туроператоры бірнеше жыл бойы коронавирустық пандемияға байланысты еуропалық бағыттардан іс жүзінде турлар сатылмағанын, жақында тек Болгария, Венгрия және Норвегияға сұраныс түскенін хабарлады.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды