«Қазақстанның орнықтылық қоры» атынан жалған кепілдік хаттарын қолданған алаяқтық жағдай анықталды

Сурет: pixabay
«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) басшылықтың қолы қойылған және Қордың мөрімен расталған жалған құжаттарды үшінші тұлғалардың тарату жағдайлары анықталғаны туралы ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, алаяқтар азаматтарға Қор атынан меншікке беру кепілдігі туралы және жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеу туралы жалған кепілдік хаттар берумен айналысқан.

Осыған байланысты, Қор қандай да бір кепілдік хаттарды беруді жүзеге асырмайтынын мәлімдейміз. Қор "7-20-25" және "Баспана хит" ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларының (бұдан әрі – Бағдарламалар) операторы болып табылады және осы бағдарламалар аясында тек банктермен өзара қарым-қатынас жасайды. Қор жеке тұлғалармен жұмыс істемейді, құрылыс саласына араласпайды және өз балансында жылжымайтын мүлік ұстамайды. «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы

Азаматтарды қырағы болуға шақырамыз. Егер белгісіз жандар сізге Қор атынан қандай да бір хаттар, анықтамалар бергеніне куә болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз.

Сұрақтар мен күдік туындаған жағдайда +7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша Қордың call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз (оператормен қосылу үшін 0-ді теріңіз). «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды