Ұзақ өмір сүру үшін күніне қанша қадам жаяу жүру керек

Сурет: pixabay
АҚШ-тың Массачусетс университетінің ғалымдары ұзақ өмір сүру үшін күнделікті қанша қадам жаяу жүру керек екенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жастарға арналған massaget.kz сайтының жазуынша, сарапшылар әртүрлі елдерден келген 18-ден асқан 50 000 адамның деректеріне талдау жасаған. Қатысушылар төрт топқа бөлініпті: бірінші топ – күніне 3,5 мың қадам жүретіндер, екінші топ – 5,8 мың, үшінші топ – 7,8 мың, төртінші топ – 10,9 мың қадам жүретіндер. Зерттеу нәтижелері Lancet Public Health журналында жарияланды.

Сарапшылар көп жаяу жүрген үш топта белсенділігі төмен топқа қарағанда өлім қаупі 40-53 пайызға төмен екенін анықтады.

Ғалымдар сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар арасында өлім қаупін азайту үшін күніне 6-8 мың қадам жүруі керек екенін мәлімдеді. Ал 60 жасқа толмаған адамдарға күніне 8-12 мың қадам жүруді ұсынып отыр. Бұл ретте зерттеушілер жаяу жүрудің денсаулықты нығайтуда жүру қарқындылығы маңызды емес екенін атап өтті.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды