Шаңды дауыл, найзағай, жаңбыр – 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Синоптиктер 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республика бойынша шаңды дауыл, жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, таулы аймақтарда фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте және батыста тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай болады. «Қазгидромет» РМК

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды, түнде және таңертең таулы аймақтарда желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысының оңтүстік-шығысын тұман басады, күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының шығысында – найзағай ойнайды, облыс орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Түнде Ақтөбе облысының батысын, орталығын тұман басады.

Күндіз Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Қостанай
Қызылорда
Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды