Өзбекстанда жұмыс берушілер қызметкерлерін турға жіберуге міндетті болады

Cурет: unsplash
2022 жылдың 1 маусымынан бастап Өзбекстандағы жұмыс берушілер өз қызметкерлерін ел ішінде демалуға жіберуге міндетті болады. Тиісті жарлық Өзбекстан президентінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Өзбекстан бойынша саяхат!» бағдарламасы аясында оған сәйкес тәртіпті белгілеу жүргізіліп жатыр. Енді осы бағдарлама аясында жұмыс берушілерге қызметкерлердің жылына бір рет жергілікті саяхаттау мүмкіндіктерін жасау ережесін енгізеді. Іссапар шығындарының бір бөлігі жұмыс берушілердің бюджеттен тыс қаражаты және заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жабылады, – делінген құжатта.

Өзбекстан билігі туризмді жаңа деңгейге көтергісі келеді. Әртүрлі жастағы және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған туризм түрлерін жеке министрліктер мен ведомстволар қадағалайтын болады.

1 қыркүйектен бастап отандық туристер үшін кэшбэк енгізілді. Елді аралайтын Өзбекстан тұрғындарына теміржол, автобус және әуе билеттері құнының 15%-ы, қонақүйде тұру құнының 20%-ы және театрларға, музейлерге, цирктерге және өнер галереяларына билеттер құнының 50%-ы қайтарылады.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды