Қазақстандық дзюдошы Сурдлимпиададан алтын медаль алды

Сурет: zakon.kz
Қуанышты жаңалықты Ұлттық Сурдлимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бразилияның Касиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының өкілдері алғашқы алтынды жеңіп алды.

Дзюдошы Еркебұлан Қанафин жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. 81 келіге дейінгі салмақтағы финалда қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Сокты жеңді. Шешуші жекпе-жек алдында Еркебұлан Қанафин франциялық Рафаэль Кубеликтен мықты болды.

Сонымен Қазақстанның қоржынында бүгінде 1 алтын, 2 күміс және 4 қола – барлығы 7 медаль бар.

Алақай! Ақырында Қазақстан биылғы бірінші Олимпиада алтынына ие болды! Бұл әлі бастамасы, – деп жазды Ұлттық Сурдлимпиада комитеті Facebook-тегі парақшасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды