Алматы әкімі Сайран көлі жайында айтты

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде Сайран көлі алдағы уақытта қала тұрғындарының демалуы үшін қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі таңда Сайран көлінің басым бөлігінде су жоқ, тек кей жерлерде өзеннен аз ғана бұлақ ағып жатыр.

Әкім атап өткендей, бірінші кезекте абаттандыру жұмыстары жүргізіледі: түбі тазартылып, көлдің жағалау аймағы жабдықталды.

Бүгінгі таңда Сайран көлінің бөгетіне көп факторлы зерттеу жүргізіліп, оның жағдайы туралы оң қорытынды бар. Шілде айында біз түбін тазалау бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) мемлекеттік сараптаманың қорытындысын аламыз деп отырмыз. Жағалау аймағын жайластыру үшін қыркүйек айында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өту жұмыстары аяқталады деп күтудеміз. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев

Осылайша, мегаполис басшысының айтуынша, үшінші тоқсанда әкімдік түбін тазарту және оны абаттандыру үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлу мәселесін қарастыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды