Салоннан көлік сатып алғанда, автодилер аксессуарды қоса алуға мәжбүрлей ала ма

Сурет: freepik
Жаңа автокөлік сатып алғанда, салондарда қосымша қызметтерді, құрылғыларды немесе аксессуарларды қоса алуға мәжбүрлейтіні жасырын емес. Алматы қаласының прокуратурасы автосалондардың осы әрекетінің дұрыс-бұрыстығын талдап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокурорлар автосалондардың мұндай әрекеті заңға қайшы екенін анықтады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабына сәйкес монополиялық қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабына сәйкес cатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс.

Заңның 28-бабына сәйкес сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға тиісті сападағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыға ыңғайлы уақытта еркін таңдауды қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны қажетсіз мөлшерде және (немесе) ассортиментте өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ведомство өкілдеріның айтуынша, белгілі бір тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде міндетті түрде басқа тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға шарт қоюға тыйым салынады.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды