Нұр-Сұлтанда бір топ әйел жолды жауып тастады

Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандабір топ әйел жолды жауып тастаған видео пайда болды. Алматы ауданының әкімдігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram парақшаларының бірінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, әйелдер мұндай қадамға Армандастар көшесінде орналасқан «Ескендір» тұрғын үй кешенінде жарық пен су болмағандықтан барған.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Алматы ауданының әкімдігіне жүгініп, оқиғаның 17 мамырда болғанын анықтады.

Тұрғын үй алабында Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мердігер ұйымының әрекеті нәтижесінде кабельдің зақымдалуынан төтенше жағдай орын алды. Апат салдарын жоюға барлық қызметтер жұмылдырылды. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ведомстводағылар апат жойылып, сағат 22:45-те электр жарығы қалпына келтірілді деп сендірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды