Перуде түрмеге есірткі таситын көгершін ұсталды

Сурет: pixabay
Көгершін Уанкайо қаласындағы абақтының жанында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Хабар 24» арнасының мәлімдеуінше, көгершін жауыннан кейін түрме ауласында пайда болған шалшықтан су ішпек болып қонғанда, күзешілер оның мойнына ілінген затты байқаған. Құсты ұстап алып тексере келгенде, шағын қаптың ішінен 30 грамм марихуана шыққан.

Перу полициясы қоғамдық тәртіп және ұлттық қауіпсіздік бөлімі басшысының айтуынша, көгершіннің мойнына есірткі көтере алатындай мөлшерде ілінген.

Біз құс есірткіні түрмедегі сотталғандардың біріне тасып жүрген деп ойлаймыз. Қазір тергеу жүріп жатыр.Перу полициясы қоғамдық тәртіп және ұлттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Эдвард Диас

Қазір полиция құстың қожайынын іздеп жатыр.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды