WhatsApp мессенджеріндегі топтан байқатпай шығуға болады

Сурет: pixabay
WhatsApp мессенджерінде тағы бір функция іске қосылайын деп жатыр. Енді бұл желідегі топтардан басқаларға білдірмей шығып кетуге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

WhatsApp-тағы ортақ чаттардың бірінен шығып кетсек, бұл туралы хабарлама басқалардың бәріне көрініп тұрады. Енді компания бұның да бір амалын ойластырды. Жаңа функцияның арқасында енді кеткеніңіз туралы жария қылмай-ақ, ешкімге білдірмей шығып кетуге болады.

Мессенджердің компьютерге арналған 2.2218.1 бета-нұсқасында бұл функция іске қосылып үлгерген. Топтан шыққаны туралы хабарламаны тек чат әкімшілері ғана біледі, – делінген WABetaInfo порталының берген ақпаратында.

WhatsApp мессенджеріндегі бұл жаңа функция қашан қолданысқа енетіні белгісіз. Әуелі жаңа мүмкіндік Android пен iOS базаларында да сынақтан өтуі керек.

Бұған дейін WhatsApp топтағы тіркелушілер санын 256-дан 512-ге дейін көбейту жоспары бар екенін айтқан еді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды