Биыл Алматыда 224 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
Биыл Алматыда ұзындығы 221 шақырым болатын 224 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық әкімдігінің Мобильділік басқармасының мәліметінше, оның ішіне 56 шақырым болатын қаланың 19 магистральды жолы да кіреді. Сонымен қатар, Ақжар ықшам ауданында 48 шақырым жаңа жол салу жоспарланған. Алматы қалалық мобилділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов 2025 жылға қарай қаланың жолдарын 95%-ға дейін жақсарту қолға алынбақ дейді.

«Әлі аяқталмаған Қайрат, Әлмерек, Алғабас шағынауданындағы жолдар құрылысын ары қарай жалғастырып жатырмыз. Қазір Ақжар шағынауданында жұмыстар басталды. Қазір экспертизадан Шұғыла шағынауданындағы жолдарды жөндеу жобасы шығады деп отырмыз. Ол жерде де осы жылы жұмыстар басталады», – деді қалалық мобилділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды