G7 елдері РФ активтерін тәркілеу мәселесін талқылап жатыр

Сурет: Instagram/christianlindner
"Үлкен жетілік" (G7) елдерінің қаржы министрлері 20 мамырдағы кездесуде ресейлік активтерді тәркілеу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Германияның Қаржы министрі Кристиан Линднер арнайы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

G7 елдерінің министрлері ресейлік активтерді тәркілеу мәселесін қозғады, бірақ ол тек мемлекеттік қаражатқа қатысты болуы керек, жеке меншіктің емес. ГФР Қаржы министрі Кристиан Линднер

Министр G7 елдерінің қаржы министрлік басшылары, әзірге "Ресей мемлекеттік акторлары активтерін тарту және оны қалпына келтіру үшін пайдалану (Украина)" мәселесін талқылап жатқанын атап өтті. Линднердің айтуынша, бұл мәселе толығымен шешілмеген, оны мұқият қарастырған жөн.

Бұған дейін АҚШ пен ЕО билігі Украинаны қалпына келтіру үшін бұғаттағы ресейлік активтерді пайдалануды ұсынған болатын. Линднер G7 мен ЕО Украинаны қалпына келтіруді қаржыландыру үшін Орталық банктің бұғатталған резервтерін пайдалану мүмкіндігін талқылап жатқанын айтты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұндай шешім заңсыз, өрескел және тиісті жауапты қажет ететінін айтты. Ол мұны "ашықтан ашық тонау" деп атады.

Германия
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды