Әлімханұлы Головкинмен қолғап түйістіру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді

Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
22 мамырда Лас-Вегаста Жәнібек Әлімханұлы британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Осы жеңісінен кейін ол екі әлем чемпионы – Джермелл мен Андраданы рингте күтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) қолға түйістіру ықтималдылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Мен рингте әрқашан "қазақ стилін" танытуға тырысып келемін. Ал біздің дәстүрімізде жас үлкеннің жағасынан алмайды. Мүмкін, ол орташа супер салмаққа ауысатын шығар, ал мен барлық атақтарды орта салмақтағы дивизионда жинауды көздеймін. Жәнібек Әлімханұлы

22 мамырда Лас-Вегаста Әлімханұлы екінші раундта британдық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Осы жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы екі әлем чемпионы – Чарло Джермелл мен Деметриус Андраданы рингте күтетінін мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды