Алаяқ ипотека алуға көмектесемін деп ШҚО тұрғындарын сан соқтырып кетті

Сурет: Zakon.kz
Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне 28 жастағы тұрғын арызданған. Ол досы ипотекалық несие алуға көмектесуді ұсынғанын айтты, деп хабарлайдыZakon.kz.

Танысы алаяқтық жолмен ер адамның жеке деректерін иемденіп, банктің мобильді қосымшасы арқылы оның атына қолма-қол ақшалай несие рәсімдеген. Келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгені құрайды.

Келесі күні кезекші бөлімшеге 51 жастағы тұрғыннан тағы да осындай арыз түсті. Ер адам түсіндіргендей, оны бейтаныс жігіт алдап кеткен. Ол жәбірленушінің телефонындағы мобильді қосымша арқылы ипотекалық несие беруге уәде берді. Ол ер адамға несие алып, одан кейін банктегі шотына 6 миллион теңге аударған.

Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясында үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды