Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылды

Сурет: pm.kz
1 маусымнан бастап NCOC компаниясы Қашаған кен орны кешеніндегі өндірістік нысандарын жөндеу жұмыстарына тоқтатты. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстары маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше жылда бір рет өндірісті қысқа мерзімге толық тоқтатуды көздейді, делінген хабарламада.

Қашаған кен орнының өндірістік объектілеріне жоспарлы профилактикалық қызмет көрсетудің мақсаты:

2 миллион адам-сағаттан астам ауқымды жұмысты 45 күн ішінде аяқтау жоспарлануда.

Қашаған кен орны ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Оның алынатын қоры 9-13 миллиард баррель мұнайды құрайды.

Қашағандағы коммерциялық өндіріс 2016 жылдың күзінде басталды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды