Нұр-Сұлтанда шлагбаумның жебесін ұрлаған сәт видеоға түсіп қалды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Нұр-Сұлтанда ер адам ауладағы қоршаудан жебені ұрлап кеткен. Полицейлер күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіс даңғылы бойындағы «Скиф» тұрғын үй кешенінің тұрғындары ұрлық туралы арызбен полицияға жүгінген. Үйдің бейнебақылау камерасы ер адамның жебені тосқауылдан алып кеткен сәтін түсіріп алған. Кейін оны полиция ұстады.

Тұрғын үй кешенінің жанынан өтіп бара жатып, «шлагбаумның» жатқан бөлігін байқап, оны металл қабылдау пунктіне өткізу үшін алып кеткен. Ол өз әрекетімен үй иелеріне 50 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі

Күдіктіге қатысты ұрлық бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат кінәсін мойындап, оның бұрын елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды