Рафаэль Надаль Roland Garros-та 14-ші рет жеңіске жетті

Сурет: Instagram/atptour
Испандық Рафаэль Надаль тағы да әлем жұртшылығына өзінің үздік теннисші екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Париждің орталық корты - Филипп Шатрие аренасында Надаль Француз біріншілігінің ақтық сынында норвегиялық Каспер Рудты басым көрсеткіштен ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Францияның Ашық чемпионатының басты титулы үшін өткен бәсекеде әлемнің бесінші ракеткасы үздк деп танылды. Рафаэль өзінің жетістігі үшін 2,5 сағаттан астам уақыт пен үш партияны жұмсады, есеп – 6:3, 6:3, 6:0. Осылайша, испандық Париж корттарындағы өзінің 14-інші олжасын еншіледі, бұл теннис тарихындағы әлемдік рекорд.

Сонымен қатар, Надаль бұрын өзіне тиесілі жоғары рекордты тағы бір жаңартты. Ол "Үлкен дулыға" турнирлерінің 22 дүркін жеңімпазы болды. Екінші орында Роджер Федерер мен Новак Джокович тұр, екеуінде 20 атақтан бар.

Сурет: Instagram/australianopen

Рафаэль Надаль маусымның басынан бастап екінші Grand Slam-ды жеңіп алды, қаңтарда ол Мельбурндегі Австралия чемпионатында көшбасшы болды.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды