Сайлаушылардың 77,18 пайызы Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдап дауыс берді – ОСК

Сурет: Zakon.kz
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров брифингте ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумның алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселелердің оң шешілуіне дауыс берген азаматтардың саны 77,18 пайыз, яғни 6 миллион 163 мың 863 адам болды.Референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров

Сайлаушылардың 18,66 пайызы қарсы дауыс берді. Дауыс берушілердің 68,06 пайызы қатысты.

Еске салайық, 5 маусымда Қазақстанда ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткен болатын. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасты.

Жалпы референдумда 11,7 миллионнан астам азамат дауыс бере алды.

Қазақстан
Қазақстандағы референдум

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды