Қостанайда екі ер адам өрттен қайтыс болды

Сурет: Zakon.kz
Қостанайда 6 маусымда түнде Абай даңғылының бойындағы екі қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Екі адам қайтыс болды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт сөндірушілер келгенше жалын бүкіл үйге жайылып, 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Үйдің төбесі, едені мен дүние-мүлікті өрт шалды. Өрт салдарынан көршілес екі қабатты жеке тұрғын үйдің 10 шаршы метр аумақтағы шатыры мен шатыр тіреуіші жартылай зақымданды.Қостанай облысы ТЖД

Сағат 02:26-да өрт сөндірілді.

Төтенше жағдайды жоюға өрт сөндіру бөлімшелерінің 34 қызметкері мен 11 техника қатысты. Өрт сөндірушілерге көмектесу үшін қаланың коммуналдық қызметтері мен «Қазақстан темір жолы» мекемесі суды үздіксіз жеткізу үшін техникалар берді.

Өрт орнынан 1972 жылы және 1984 жылы туған екі ер адамның мәйіті табылды. Қостанай облысы ТЖД
Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды