Нұрлан Қоянбаев жақсы жаңалығын бөлісті

Сурет: Instagram/koyanbayevnurlan
Танымал қазақстандық кино және телевидение продюсері Нұрлан Қоянбаев үшінші рет әке атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Продюсер жақсы жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында барша жанкүйерлеріне хабарлады. Нұрлан Қоянбаев отбасындағы жаңалықты әйелімен бірге түскен фотоны салып, жариялады.

Сүйнші,ағайын! Қазақ еліне +1 батыр! – деп жазды Қоянбаев.

Нұрлан Қоянбаевты жанкүйерлері мен әріптестері құттықтап жатыр.

Еске сала кетейік, 14 сәуірде Нұрлан Қоянбаев ҚР Президентінің телерадиокешенінің креативті директоры болды. Ол бұған дейін «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері, «Kazakhs» және «Astana.kz» КТК командасының капитаны болды. Qazaqstan телеарнасында «Tungi Studios Нұрлан Қоянбаев» телебағдарламаларын жүргізді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды