Петропавлда 1,4 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жасаған қылмыстық топ сотталды

Сурет: Zakon.kz
Екінші деңгейлі банктердің қаражатын жүйелі түрде қолма-қол ақшаға айналдыру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2018-2020 жылдар аралығында Петропавл қаласының тұрғыны коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей, бақылауындағы коммерциялық компаниялар арқылы жалпы сомасы шамамен 1,4 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар беру мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырып, оны басқарғаны анықталды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомствоның мәлімдеуінше, сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің мүлкі тәркіленіп, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Петропавл қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Петропавл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды