Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінің жеңімпазы атанды

Сурет: olympic.kz
Чехияның Гавиржове қаласында жас спортшылар арасында үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бұл жарыста қарағандылық Алан Құрманғалиев өз тобында чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 жастағы қазақ баласына қатарластары арасында тең келер ешкім болмады. Алғашында ол шағын топта ерекше көзге түссе, кейін 1/16 финалда катарлық Равад Алнасерді 3:1 есебімен ұтты.

Одан кейін 1/8 финал кезеңінде Марсель Блащикті (Польша) 3:0, ширек финалда украиналық Михаил Ловгадан 3:0 есебімен басым түсті.

Алан финалға барар жолда Болгария өкілі Йоан Величковты 3:1 есебімен жеңді.

Шешуші кездесуде оның қарсыласы екі апта бұрын Испанияда Аланнан басым түскен жапон теннисшісі Казуки Ёшияма болды. Бұл жолы қазақ спортшысы оны 3:1 (11:8, 11:13, 11:4, 11:7) есебімен жеңіп кетті.

Қарағанды
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды