«Көмековтер» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері сотталды

Сурет: Zakon.kz
ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті «Көмековтер» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ерлі-зайыпты Көмековтер ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 белсенді мүшесін басқарғанын, олардың әрқайсысы жалған кәсіпорындардың тұтас желісі арқылы іс жүзінде жұмыс істемей, шот-фактураларды берудің қылмыстық схемасында белгіленген қызметті жасағаны анықталғанын мәлімдеді.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекет бюджетіне салық түріндегі 1 миллиард теңгеден астам қаражат түспеген.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың кеңсесін және 17 миллион теңгеден астам қаражатты тәркілеумен қатар, мемлекеттік кірістер органдардың 10 млрд теңгеден астам сомаға келтірілген залал сомасын өтеп беру туралы азаматтық талап арызын да қанағаттандырды.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар түзеу мекемелерінде 3 жылдан 5 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, Көмековтердің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 7 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды