Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан Беларусьпен тең түсті

Сурет: kff.kz
Үшінші турдан кейін Қазақстан бір ұпаймен Словакияны басып озып, көш бастап келеді. 13 маусымда қазақстандықтар басты қарсыласы – словактармен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының үшінші турында Қазақстан сырт алаңда кезекті ойынын өткізді. Бұл жолы серб қаласы Нови-Садта Беларусь командасымен кездесті.

Ойын барысында қазақстандық футболшылар тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде бірінші кезеңнің 13-минутында Абат Айымбетов мергендігімен көзге түсті. Бұл - Абаттың аталған турнир барысында соққан үшінші голы. Бұдан бұрын өз алаңындағы Әзербайжанмен кездесуде ол қос голдың авторы атанған болатын.

Екінші кезеңде Беларусь құрамасы таразы басын теңестіруге ұмтылды. Ойынның 85-минутында беларусьтік Владислав Малькевич гол соғып кетті.

Кездесуде 1:1 есебімен ойын тең түсті.

Енді Қазақстан 13 маусымда өз алаңында Словакияны қабылдайды.

Үш ойыннан кейін Қазақстан 7 ұпаймен көш басында келеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын С лигасы үшінші тобында Қазақстан Әзербайжан мен Словакияны 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, аталған топта өз алаңында Әзербайжан Словакияға 0:1 есебімен жол берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды