Грузияда бір адам маймыл шешегінен емделгені белгілі болды

Сурет: pixabay
Сирек кездесетін вирустық ауру бүгінге дейін әлемнің 27 елінде 800 науқастан анықталды. Маусым айының басында Грузияда екі адам маймыл шешегін жұқтырғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Грузияда зертханалық зерттеулерден кейін маймыл шешегін жұқтыру жағдайы расталды, деп мәлімдеді Новости-Грузия порталы.

Мамандар сырқаттың жеңіл өткенін атап өтті. Ер адам ауруды шетелде жүргенде жұқтырған. Осы уақытқа дейін ол емделіп, жазылды.

Науқаста вирустың жеңіл түрі болған, емделгеннен кейін ол көп ұзамай ауруханадан шығарылды. Ол бұған дейін Еуропаға саяхаттап келген екен.

Сырқатпен қарым-қатынста болғандар да бақылауға алынды, дегенмен ешбірінен клиникалық белгілер анықталмады.

NCDC Грузияда бөртпеге шағымданған пациенттердің бәрі бақылауда болатынын атап өтеді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды