Ақмолалықтардың 40-қа жуық жылқысын ұрлаған қылмыскерлер ұсталды

Сурет: pixabay
10 маусымда жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Ерейментау ауданы Байсары ауылының тұрғындарына тиесілі 36 бас жылқы ұрлығы бойынша күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығын сомасы 17 млн 750 мың теңгені құрады. Жамбыл облысының тұрғындарынан және жақын шетелдің тумасынан тұратын 31-36 жас аралығындағы қылмыстық топтың айыпталушылары қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері қаскүнемдер түнгі уақытта еркін жайылып жүрген малды жүк газеліне, сондай-ақ Scania тіркемесі бар фураға тиеп, жануарларды Жамбыл облысы Байзақ ауданының аумағына жеткізгенін анықтады.

Кейін күдіктілер жылқыларды жергілікті “АСА-ЕР” базарында сатқан.

Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР ҚК 188-1-бабының 4-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды