Ауыр атлетикадан Әлем біріншілігінде Қазақстан тағы бір алтын медаль еншіледі

Сурет: Instagram/wf_rk
Қазақстандық зілтемірші Никита Әбдірахманов Мексикада өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынын тағы бір медальмен толықтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысы бойынша 348 келіні (157+191) көтерген Никита Әбдірахманов жеңіс тұғырына көтерілді.

Күміс медаль Өзбекстан өкілі Құдіретбек Сәлімжановқа бұйырды, ол 327 келіні (156+171), ал үшінші орынға ие болған түрік ауыр атлеті Баки Кетмет 259 келіні (132+163) бағындырды.

Осылайша, ауыр атлетикадан Жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы төртінші "алтынды" жеңіп алды.

Айта кетсек, бұған дейін Денис Полубояринов (81 кг), Едіге Емберді (73 кг) және Ерасыл Сәулебеков (67 кг) алтын медаль иеленген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды