Ресеймен шекаралас ауылда 100-ге жуық тауық қырылып қалды

Сурет: pixabay
Қостанай облысында Ресеймен арадағы шекараға жақын Ленино ауылында 100-ге жуық тауық өлген. Алдымен бір түнде бір үйдің 20 құсы қырылып қалыпты. Келесі күні тағы бір үйде 50 тауық өлген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кесел әлі тоқтамай тұр. Тұрғындар ауылда мүлде тауық қалмауға таяғанын айтады, деп жазады qazaqstan.tv.

Дәл осы Федоров ауданында сәуірде жүз тауық өлген. Бірақ иелері өлексені бірден өртеп жібергендіктен сынама алып, қандай індет келгенін анықтау мүмкін болмаған.

Мұндай жағдай бұған дейін Қарабалық, Денисов аудандарында да болды. Сол кезде жасалған сараптама ешқандай індет белгілерін анықтамаған.

Ветеринарлар ол кезде құс жемнен уланған деген болжам айтқан болатын.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды