Мыңнан астам алматылық салық төлеуден жалтарғаны үшін жүргізуші куәлігінсіз қалуы мүмкін

Сурет: freepik
Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 1082 көлік иесінің көлік салығы бойынша жалпы сомасы 2,2 млрд теңге берешегі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте олардың қарызы 800 мың теңгеден асады.

«Салық берешегі жоқ қала» акциясы аясында жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып, департамент қозғалтқыш көлемі үлкен автокөліктері бар және көлік құралдары салығы бойынша үлкен көлемде берешегі бар азаматтармен жұмыс жүргізуде.

Мәселен, 17 маусымнан бастап мұндай борышкерлердің көліктері қамауға алынады.

Бұл ретте материалдар жүргізуші куәлігінен уақытша айыру үшін әділет органдарына жолданады.

Осылайша, жеке тұлға «К»-ның Toyota Land Cruizer маркалы көлігі үшін жалпы сомасы 2,1 млн теңге қарызы бар. Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2022 жылғы 17 маусымдағы ұйғарымымен борышкер «К»-ға көлік құралын басқару үшін бұрын берілген жүргізуші куәлігі қарызы толық өтелгенге дейін уақытша тоқтатылды. Осындай жұмыс барлық борышкерлерге де жүргізілуде. Алматының мемлекеттік кірістер департаменті

Салықтарды төлемеуге байланысты осындай жағдайларды болдырмау үшін Қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті көлік иелеріне салық қарызын тезірек жабуды ұсынады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды