Көкшетау тұрғыны жұмыс орнында тоққа түсіп қалды

Сурет: Zakon.kz
20 маусымда Есіл АПБ кезекші бөліміне жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшерінен салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшы тоқ соққысынан қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қаза тапқан ер адамның бетон араластырғыш машинаны тазалау кезінде өмірмен үйлеспейтін ток соққысын алғанын анықтады.

Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі (Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды