Мадридте испан ақсүйегі екі келіншекті атып өлтіріп, артынан өзіне қол салды

Сурет: pixabay
Полиция қызметкерлері тірі кезінде граф Атарес пен маркиз де Периха титулына ие болған 53 жастағы ақсүйек Фернандо Гонсалес де Кастехонның қару-жарақ ұстауға рұқсаты болмағанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

EFE агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 20 маусымда орын алды. Ер адамның құрбаны - оның екі құрбысы, олардың бірі көптеген жыл бойы маркизбен кездесіп, қыз туып берген. 2018 жылы марқұм ақсүйекті сүйіктісі сотқа беріп, оны өзіне қатыгездік танытты деп айыптады. Сол кезде ол ұсталғанымен, олардың арасындағы махаббат хикаясына нүкте қойылмаған.

Кастехонның пәтерінде полиция бір топ қарудың коллекциясын тапты, оның арасынан елде тыйым салынған дыбыс тұншықтырғышы бар тапанша да шықты. Сонымен қатар, пәтерде әскери мундир мен свастикасы бар крест табылды.

Өмірінде ақсүйек өте мазасыз әрі өзіне көңіл бөлуді қатты талап ететін адам болғаны айтылады. 2021 жылы ол қоғамдық орындарда атыс ұйымдастырып, жанжал шығарған, тіпті бірде үрген дауысы ұнамағаны үшін итті атып тастайтынын айтыпты.

Марқұм өзінің атақтарын 2012 жылы қайтыс болған немере ағасынан мұраға алған. Одан бөлек туысы оған қомақты байлық қалдырыпты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды