Түркістан облысында суға кеткен үндістандық студенттер әлі табылмады

Сурет: pixabay
Түркістан облысында екі шетелдік азамат суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға кеше Төлеби ауданындағы Ханарық ауылынан 5 шақырым жердегі Ақсу шатқалында болған.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері табиғатта серуендеп жүргенде 21 жастағы екі азамат Ақсу өзеніне түсіп кетеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Куәгерлердің айтуынша, олар шомылу үшін суға түскен сәтте ұйық тартып кеткен. Жанындағылар көмекке құтқару қызметін шақыртқан. Қазір екі студенттің денесін іздестіріп жатыр. Бірақ әзірге нәтижесіз.   

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстарының нәтижелі болуына коньондағы шатқалдар және тік құздардың болуы қиындықтар туындатуда. Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды