Жамбыл облысында сел шығыны 135 миллион теңгеден асқан

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында сел шайған бірнеше ауылда төтенше жағдай жарияланды. Табиғи апаттан келген шығын көлемі 135 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 маусым күні толассыз жауған жаңбырдың соңы селге ұласып, Қордай ауданындағы Үлкен Сұлутөр және Ноғайбай елдімекендерін шайып кеткен болатын. Нәтижесінде 17 үйдің ауласын су басып, 5 үйдің ішіне кірген. 12 үйдің қора-жайлары мен қоршаулары бүлінді, деп жазады qazaqstan.tv.

Арнайы құрылған комиссияның мәліметінше, үш ауылдан 169 қой-ешкі, 4 жылқы, 2 сиыр және 380 тауық жоғалған. Сұлутөр елдімекенінде ауыз су жүйесі, электр желілері істен шыққан. Тұрғындарды күніне 3 мезгіл ауызсумен қамтамасыз ету үшін арнайы техника бөлінді. Сондай-ақ тау суы ауылішілік бірнеше көпірді шайып кеткен.

Қазір онда арнайы техникалар мен авариялық топтар жұмылдырылып, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының барлық шығынын мемлекет өтейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды