АҚШ-та жүк машинадан 46 мигранттың мәйіті табылды

Сурет: pixabay
АҚШ-тың Техас штатының Сан-Антонио қаласының шетінде тұрған жүк машинасынан 46 мигранттың мәйіті табылды. Тағы 16 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде 4 бала бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тірі қалғандардың аптап ыстықтан қатты зардап шеккені белгілі болды. Ал, жүргізушісі тастап кеткен көлікте желдеткіш жұмыс істемеген және ауызсу жоқ.

Қаза тапқандардың екеуі – гватемалалықтар, қалғандарының азаматтығы белгісіз, деп жазады qazaqstan.tv.

Сан-Антони АҚШ-Мексика шекарасынан 250 шақырым жерде орналасқан. Адам саудагерлері үшін негізгі транзиттік жол осы қала арқылы өтеді.

Қылмыстық топтар құжаты жоқ мигранттарды Құрама Штаттарға тасымалдау үшін жүк машиналарын жиі қолданады.

Оқиғаға байланысты үш адам қамауға алынып, қазір олар тергеліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды