Алматылық келіншек өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Сурет: pixabay
Себебі, қайтыс болған танысы бір кездері түсініксіз себептермен бірнеше мәрте қыздың аты-жөнін қолданған көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Әуелгі әңгіме көмекші боп келген марқұмның қарызға ақша алуынан басталды»,– дейді қала тұрғыны.

Кейіннен ол Фидан Абилованың мәліметтерін өз құжаты ретінде пайдаланып, ауруханаға жатқан, деп жазады Almaty.tv.

«Мұның бәрін былтыр 26 қыркүйекте білдім. Менің жеке куәлігімді көшірмеден өткізіп, білгенін істепті. Ол қайтыс болып кетті ғой, ал мен әлі де өзімнің тірі екенімді дәлелдей алмай құжат жинап жүрмін», – деді қала тұрғыны Фидан Абилова

Фидан Абилова жиналған құжаттың бәрін прокуратураға өткізгенін айтады. Кейіннен мәлім болғандай, қайтыс болған адам Абилованың аты-жөнін 6 айдай қолданған. Қазір аталған іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

«Азаматшаның прокуратураға берген арызының негізінде актілік жазбаның күшін жою туралы талап енгізілді. Нәтиже бойынша зардап шеккен адамның бұзылған құқығы қалпына келтірілді», – деді Түрксіб ауданының прокуроры Айбек Бәрпібаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды